05 қараша күні Бүгін Біржан сал ауданының Баймырза негізгі мектебінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасының негізінде "Адалдық дүкені" ашылды. Адалдық дүкенінің салтанатты ашылуына Баймырза ауылдық округінің әкімінің м.а. Аубакиров Б.Т., қатысты. Ашылу лентасын қию рәсімі Баймырза ауылдық округінің әкімінің м.а. Б. Аубакировқа берілді. «Адалдық дүкені» арқылы оқушыларымыз өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік алады. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатыны туралы ақпараттандырылды. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне адалдық принципі бойынша қызмет көрсететіндігі айтылды. Ашылу салтанатынан кейін дүкен өз жұмысын бастап кетті. І-шара мектеп оқушыларының музыкалық номерлерімен жалғасты.