2019 жылы 5 қараша күні Көкшетау қаласында өткен «Туған жер- тұнған тарих» атты облыстық дөңгелек үстелге ауданымыздан екі мұғалім қатысты. Олар: Құдықағаш орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Базарова Г.Д және Қызылұйым негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі ТайлаковаА.И. Дөңгелек үстел Ш.Кажигалиеваның ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасында өтті. Дөңгелек үстел Рухани жаңғыру бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлері» туралы болды. Ақмола облысы бойынша бірнеше аудан өздерінің жасаған жұмыстарына есеп берді. Баяндамашылар Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Т.Жүнісовтен алғыс хатпен марапатталса, ал қалған қатысушыларға сертификаттар үлестірді. Болашақта осындай маштабты облыс бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер жиі болса нұр үстіне нұр болар еді.