2019 жылдың 9-11 қараша күндері Алматы облысының "Алтын қарғалы" сауықтыру орталығында өткен Республикалық "Ең үздік авторлық бағдарлама 2019" байқауы болып өтті. Дарын ғылыми -республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға өңірлерден 300 ден артық ұстаздар бақ сынаса, Ақмола облысынан 14 ұстаз қатысты. Аталған байқауға Біржан сал ауданының Донской орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Гульмира Каировна қатысып, Республикалық сертификатпен марапатталды. Аталған байқауға барып қатысуға әдістемелік қолдау көрсеткен Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымына Біржан сал ауданының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан алғысымызды білдіреміз!