2023 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Біржан сал ауданында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өтті. Бұл күндері олимпиадаға барлығы 165 оқушы қатысты.
ІІ (аудандық/қалалық) кезең классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өткізу кестесіне сәйкес бір турда өткізілді. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада ноутбуктерде веб-камераны пайдалана отырып, электрондық форматта өтті. Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және Youtube арнасындағы тікелей эфирмен қамтамасыз етілді. Олимпиада 13 жалпы білім беру пәні және екі бағыт (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық) бойынша өтті. Барлық қатысушыларды ІІ аудандық кезеңнің аяқталуымен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!!!