Текст
2023 жылдың 08 қаңтарында Степняк қаласындағы Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің базасында Біржан сал ауданы білім бөлімінің жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. "Білімді ұлт" сапалы білім" 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясындағы алқа мәжілісіне Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазовтың және Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары О. Т. Ахметованың қатысуымен Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. 2022 жылдың қорытындылары мен 2023 жылға қойылған мақсат міндеттер туралы баяндамалар тыңдалды. Іс-шара соңында алқа жұмысының қорытындысы шығарылды.