29.03.2023
2023 жылдың 24 наурызында «ХХІ ғасырдың жас психологтары» облыстық байқауы өтті. Байқау психология мен ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Біржан сал ауданының командасын байқаудың аудандық кезеңінде 1 орын алған «жас психологтар» құрады. Аудан командасының құрамына келесі мектептердің оқушылары кірді: «Үлгі ауылының ЖОББМ», «Аңғал батыр ауылының ЖОББМ», «Андықожа батыр ауылының ЖОББМ», «Қоғам ауылының ЖОББМ», «Мақпал ауылының ЖОББМ». Байқау 5 номинациядан тұрды: эссе, ғылыми зерттеулер, тестілеу, бейнеролик, қабырға газеті. Конкурста қабырға газеті-I орын. Эссе байқауында II орын. Тестілеу, бейнеролик, ғылыми зерттеулер байқауында III орын. Байқау қорытындысы бойынша Біржан сал ауданының командасы I орын алды.