Текст
2019 жылы 27 желтоқсан күні Біржан сал ауданының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жылдағы дәстүр бойынша аудан мектептеріндегі ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған оқушыларына арнап жаңа жыл мерекелік шыршасын өткізді. Аталған шараға арнайы келген аудан әкімі Нұғыманов Ермек Бекенұлы жас бүлдіршіндерді құттықтап, мерекеге арнайы дайындалған сыйлықтарды тарту етті. Оқушыларға қосымша мерекелік тәттілер дайындап, демеушілік көрсеткен Аягөз Кабдуллинаға алғысымызды білдіреміз!