«Үлгі ауылының ЖОББМ» КММ базасында 11 мамыр күні «Оқытуда белсенді әдістерді тиімді пайдалану-оқушылардың табысқа жету жолы» тақырыбында қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы аудандық әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың ашылуында «мектеп визиткасы» бейнеролигі ұсынылды. 1 « А» сынып оқушылары « Жас ұстаздар ұраны» әнін орындады. Семинарды Біржан сал аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Есімсейітова Р. А. ашты. Мұғалімдер ашық сабақтар көрсетті: «Жаратылыстану» пәні – 2 «Б » сыныбы. Сабақтың тақырыбы: «Қандай дыбыстар болады?». Бастауыш сынып мұғалімі Алпысбаева С. Ж. «Қазақ тілі пәні – 2 «А» сыныбы. Сабақтың тақырыбы: «Сын есім». Бастауыш сынып мұғалімі Бакетова Ш. Ж. «Дүние жүзі тарихы» пәні – 5 «Б» сынып. Сабақтың тақырыбы «Мәдениет ежелгі рим қоғамының дамуын қалай көрсетеді». Тарих пәнінің мұғалімі Бекенова Б. С. «Қазақстан тарихы» пәні –7 « А» сыныбы. Сабақтың тақырыбы: «А.Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл». Тарих пәнінің мұғалімі Сейтқазин Д. Т. «Ағылшын тілі» пәні-3 « А » сыныбы. «Having fun Continuous». Ағылшын тілі мұғалімі Бекенова А. К. «Ағылшын тілі» пәні-2" Б " сыныбы. «Seasons. My favourite season. Revision». Ағылшын тілі мұғалімі Махметова А.З. Информатика пәнінің мұғалімі А. С. Бекмағанбетов «Робо-сумо» тақырыбында 5 «а» сыныбымен робототехника бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ашық сабақ берген барлық педагогтарға «Үздік сабақ» үшін сертификаттар табысталды. Семинар қатысушыларына мектеп мұражайына саяхат ұсынылды. Педагогтар Г.Р. Нұрбаева мен А. Т. Мадиева дөңгелек үстел өткізді, онда аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен семинарға қатысушылар сабақтарға талдау жүргізді. Семинар соңында мектеп директоры А. Б. Бекенова семинардың барлық қатысушыларына алғыс айтып, барлықтарына жұмыста табыс тіледі. Мектеп оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілері концерт пен КВН көрсетті. Қатысушылардың сауалнамалары және олардың семинардың қорытынды бөлімінде сөйлеген сөздері семинарды өткізу практикалық жұмыстармен және ашық сабақтардың бақылауларымен расталатынын және оның жұмысының өте қызықты және нәтижелі болып табылатынын көрсетті.