Текст
2020 жылы 30 қаңтар күні "Қазақстан-мейірімділік мекені" акциясы аясында Біржан сал ауданының Мақпал негізгі мектебінің оқушылары да өз жұмыстарын бастап кетті. Көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау мақсатында 8-9-шы сынып оқушылары Боқпаева Жақсылық апаның үйіне барып қыздар үй ішін, ұлдар сыртқы ауласын қардан тазартып берді.