Текст
2020 жылы 31 қаңтар күні Біржан сал ауданының Абай атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары мен Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайының ұжымы Абай атамыздың 175 мерейтойына арнап концерт өткізді. Делегацияны бастап келген Мырзабек Құдайберлі ағамыз аталған іс - шараның Абай атындағы орта мектебінде бастау алып отырғанын мақтанышпен айтып, мектеп ұжымы мен оқушыларына ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтады.