Текст
2020 жылдың қаңтар айының 31-і күні Біржан сал ауданы Донской орта мектебінің ұжымы "Қазақстан-мейірімділік мекені" акциясы бойынша өз жұмыстарын бастап кетті. Ауылдың көмекке мұқтаж қарт адамдарының үйлерінің ауласын қардан тазартып, қариялардың алғысына бөленді. Бұл бастама әрі қарай да жалғасын таба бермек.