Бүгін 2020 жылы 5 ақпан күні Біржан сал ауданының Абай атындағы нөмірі екінші қазақ орта мектебінде Республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңі басталды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Біржан сал ауданының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы өнерлі де дарынды оқушыларымызға сәттілік тіледі. Жарқын болашақ "олимпиадасының мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мəдени, əдеби жəне рухани қазыналарын кеңінен насихаттау. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мəдени дүниетанымын дамыту." Жарқын болашақ олимпиадасының міндеттері, оқушылардың қазақ халқының тіліне, əдебиетіне, салт-дəстүріне, тарихына жəне мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру. Тұлғаның өз-өзін дамытуына жəне өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.