Текст
2020 жылдың ақпан айының 7-і күні Біржан сал ауданы Абай атындағы N 2 қазақ орта мектебінің ұжымы мен оқушылары "Қазақстан - мейірімділік мекені" акциясы аясында өз жұмыстарын бастап кетті. Аталған мектептің ардагер ұстазы Сабитова Рахила апайдың үйіне барып, ауласын қардан тазартып көмек көрсетіп, алғысына бөленді. Бұл бастама ары қарай да жалғасын таба бермек.