Биылғы жылы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қарғынынан аман есен оралғанымен жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагерлер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-бабаларымыздың атына кір келтірмей елімізге абыроймен оралды. Соның бірі Бұланды ауылының тумасы Блюм Виктор Александрович. Жерлесімізді еске ала отырып Бұланды орта мектебінде «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты іс-шара өткізілді. Аталған игі бастамаға Біржан сал ауданының ауған соғысы ардагерлері Копенов Ризабек Сейлбекович, Досумбеков Марат Нуркенович, Шаужанов Кази Пазылович, Тыщенко Виталий Владимирович, Сейтжанов Жаксылык Рамазанович құрметті қонақ ретінде шақырылды. Оқушылар мен ұстаздар қауымы өздерінің сұрақтарын қойып, ауған ардагерлері майдандағы естеліктермен бөлісті. Естен кетпес өткен күндерін ой елегінен өткізген ауған ардагерлері жалынды да өнерлі оқушылар мен ұсыныстар қауымына осындай іс-шара ұйымдастырып отырғандарына риза болып өздерінің жүрекжарды алғыстарын айтты. Өз кезегінде құттықтау сөз сөйлеген Білім Бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Есимсеитова Ырысты Айтбаганбетовна іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта келе мектеп ұжымына табыс тілесе, тәрбие жұмысының әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы жастарымызға патриоттық тәрбие беру үшін бүгінгі өткізіліп отырған істің маңызы зор екенін атап көрсетті. Мектеп директоры Смайлова Бикеш Сагиевна кеш қонақтарын мерекемен құттықтап, уақыттарын бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Ардагерлерімізді ардақтап игі істерді бастап жатқан Бұланды орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына алғысымызды білдіреміз!