2020 жылы 11 ақпан күні Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы №1 орта мектебінде Ауған соғысы кезінде соғысқан интернационалист жауынгерлермен кездесу өтті. Кездесуге біздің жерлестеріміз, Ауған соғысының ардагерлері: Шаужанов Қази Пазылұлы, Досумбеков Марат Нүркенұлы, Теміртасов Қайыр Қасенұлы қатысты. Ашылу салтанаты Ауғанстандағы соғыс туралы бейнероликті көруден басталды. Ұрыс даласынан оралмаған жауынгерлердің өмірбаянынан, сондай-ақ бүгінгі күні ортамызда жүрген жаужүрек жауынгерлеріміздің өмірбаянынан үзінді ақпараттар тыңдалды. Марқұм болған жауынгерлерді еске алып, бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. 7-сынып оқушылары Опара Яна мен 10-сынып оқушысы Вадим Кузнецов өлеңдерін оқыды. Кезекті сөз алған Марат Нүркенұлы Ауғанстанда өткізген күндерін еске алып елдегі климаттық жағдайларды, біздің әскерімізбен бірге көтерілісшілерге қарсы соғысқан жергілікті тұрғындар, олардың жауға қалай оқ ату керектігі туралы әңгімеледі. Балалар біздің және ауған армиясының қару-жарағында қандай қару-жарақтар бар екендігіне қатты қызығушылық танытты. Жалынды жастарымыз ауған жауынгерін ықыласпен тыңдап, оларды қызықтыратын сұрақтар қойды. Кездесуде ардагерлерге шағын кәдесыйларды тарту етті. Ардагерлерге арнап мектеп оқушылары ән шырқады. Мерекелік шара барысында № 1 және №2 орта мектептерінің 10 сынып оқушыларына, шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыс етті. Мерекелік кеш соңы Ауғандық жауынгерлердің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің оқушылары арасындағы шағын футбол жарысымен жалғасты. Тартысты өткен жарыста І орынды Донской орта мектебі , ІІ орынды Абай атындағы №2 орта мектебі, ІІІ орынды №1 орта мектеп жеңіп алды. Ауданның жас спортшысы үздік шабуылшы Әлібеков Алан дипломмен марапатталды.