Текст
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2020 жылғы 15 қаңтар - 15 ақпан аралығында ауданымызда "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты - оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.