2020 жылы 20 ақпан күні Біржан сал ауданының мектеп оқушылары арасында жас жеткіншектердің рухани дамуын жетілдіріп, оларды ізгілікке жетелейтін "Өзін-өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Аталған сында аудан мектептерінен іріктеліп келген 25 оқушы бақтарын сынады. Тартысты өткен олимпиадада 9- сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды Казгородок орта мектебінің оқушысы Аманжол Гүлназ, 10- сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің оқушысы Таскаринова Жансая, 11-сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды Бұланды орта мектебінің оқушысы Қанатқызы Диана жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және медельдармен марапатталды.Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. 26 ақпан күні ауданымыздың намысын облыстық олимпиадада қорғайтын оқушыларымызға жеңіс тілейміз!