Елбасы өз Жолдауында ел жастарына көп үміт артатындығын білдірді. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Тәуелсіз мемлекетіміз жастарға үлкен сенім артып, әрдайым қолдау білдіріп келеді. Осыған орай үстіміздегі жылдың 24-26 ақпан аралығында Көкшетау қаласында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Ақмола облысының чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Абай атындағы №2 орта мектебінің оқушысы Қайролла Шыңғыс, Казгородок орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хожин Сағдат және Невский орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тимур Гиниятуллин 3 орынға иеленді. Жас спортшылар аудан намысын сәуір айында Шымкент қаласында өтетін республикалық сайыста қорғайтын болады. Құттықтаймыз!