Біржан сал ауданыңда каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы ақпарат
Короновирустық инфекция бойынша пандемияға байланысты 1 маусымнан бастап қашықтықтан форматтағы жазғы мектеп жанындағы алаңдар ұйымдастырылды.
Осы форматта 1726 кіші мектеп жасындағы баланы қамтитын 27 мектеп жанындағы алаң жұмыс істей бастады. Жазғы іс-шаралардың барлық түрлерімен 2206 қамту көзделген, бұл 1-11 сынып оқушыларының жалпы санынан 96,4% құрайды.
Білім бөлімінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жанындағы алаңдарда бір ауысымда 15-20 баланы қамтитын 3 маусым жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық мектеп жанындағы алаңдар әзірленген жоспарға сәйкес онлайн форматта жұмыс істейді.
Мектеп жанындағы алаңдарда қызығушылықтары бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Барлық іс-шаралар музыка, технология, дене шынықтыру мұғалімдері, көркем жетекшілер, вожатыйлар, педагог-психологтардың қатысуымен онлайн - ZOOM және Ватсап платформасы арқылы әзірленген.
Ауданның білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында каникул уақытында ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары өткізілді, полиция және ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен су қоймаларындағы балалардың қауіпсіздік техникасы бойынша, жол жүру ережелері, мектеп жанындағы алаңдардағы тәртіп ережелері туралы бірлескен кездесулер өткізілді.
Жазғы кезеңде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 150 бала жалпы сомасы 6,760 млн.теңгеге демалумен және сауықтырумен қамтылатын болады.
В