Биылғы 2020-2021 оқу жылына ауданымыздың мектептерін жаппай оқулықпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 33 400 мың тенге қаражат бөлінді. Оның 32 700 оқулықтар сатып алынса, 700 000 мың теңге тасымалдауға жұмсалды. Жыл сайын аудан әр мектептерінің оқулыққа берілген тапсырысына сай оқулықтар сатып алынады. Қазіргі уақытта 1-10 сынып оқушылары 100 пайыз қамтылған. Биылғы жылы барлығы 21713 дана оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға тапсырыс берілді. Оның ішінде көркем әдебиет 788 дана болса, қалған 20925 дана 11-сыныптарға оқулықтармен әдістемелік нұсқаулар және 1-сыныптарға дәптерлер сатып алынды. Жаңа оқу жылына оқулықтарды тасымалдау үшін жеке кәсіпкер «Таганаева» келісім шарт жасалды. Оқулықтар толығымен ауданға жеткізіліп, мектептерге таратылды.