"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзияны қолдау кабинетінің» салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

28.08.2024

2024 жылдың 28-тамызы күні «Ақмола облысы Білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Степняк қаласы «Абай атындағы №2 ЖОББМ» КММ-де қала әкімі Аутенов Азамат Қасымұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшалова Ақкенже Төлеубаевнаның қатысуымен «Инклюзияны қолдау кабинетінің» салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Жаңадан ашылған кабинет «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен жабдықталды. Инклюзивті білім беру - қолда бар физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық, психикалық, тілдік, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамға жалпы білім беретін мекемелерде оқуға мүмкіндік беретін оқыту нысаны. Инклюзияны қолдау кабинетінің  міндеті – балалардың   даму бұзылыстары мен жеке ерекшеліктерін түзетуді ескере отырып, балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуын ұйымдастыру, танымдық белсенділіктерін дамыту. Кабинетте психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент, әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқарады.

Просмотров: 4952

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст