Донской орта мектебінде «Қамқоршылар күні» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатын 4-сынып жетешісі мен оқушылар және тәрбие ісінің орынбасарлары тәртіп бойынша қашықтықты сақтап бетпердемен қатысты. Сынып сағатына 4-сынып оқушысы Шимф Дарьяның сыныптас құрбылары ашық хат жасап оқушылар тілек жарды өз лебіздерін білдірді. Негізгі сынып сағатының мақсаты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тәрбиелеу, қолдау болып табылады. Өмір тауқыметін ерте тартқан баланың күтімі қамқоршыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір Дарьяның әпкесі Шимф Ольга бұл міндетті мінсіз атқаруда. Жүрегінің мейірімін жетімдерге арнаған жандар үшін балғындардың қуанышы мен күлкісінен артық байлық жоқ- дейді ол. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойындағы адамгершілікті, адалдықты, инабаттылық сияты асыл қасиеттерді бойына сіңіріп тәрбие беру әр қамқоршы мен ұстаз алдыңдағы міндеп деп ойлаймыз.