"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Робототехникасы негіздері"

11.04.2018

«Робот техникасы негіздері»

Бүгінде білім беру саласында үлкен бетбұрыстар болып, мұғалім мәртебесін арттыруға ұмтылыстар жасалуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ел дамудың қатысты бірқатар міндеттер көрсетілген еді. Құжаттағы жетінші міндет «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген атаумен білім саласындағы мәселелерді қамтыған. Онда орта білім беру саласын жаңартылған мазмұнға қөшіру мен оған қажетті мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлармен қамту қарастырылған. Бұған қоса, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарына аса мән берілген. Себебі, біліктілік арттыру ісі мұғалім мәртебесін көтерудің басты факторы болып табылады. Үкімет те

ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы адами капитал сапасын арттыруға ниет танытып отыр.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының жедел жоспарына сәйкес 2018 жылғы 26 наурыз – 06 сәуір аралығында Біржан сал ауданы Степняқ  қаласындағы Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебінде «Робот техникасы негіздері» тақырыптарында курстар ұйымдастырылып отыр. Аталған курстарға жергілікті аудандармен қоса Шортанды, Атбасар, Степногорск, Сандықтау, Зеренді, Бурабай аудандарының тыңдаушылары қатысты.

Республикалық институттың аға оқытушысы Хусаинов Уахит Сакенұлы курс барысында заманауи тәсілдер қолдана отырып, модульдерге бөліп, оның ішінде лекция, зертханалық жұмыстар, семинар және сынақ тапсыру жұмыстарын ұйымдастырды. Қорыта айтқанда аудандарда өткізіліп отырған республикалық біліктілік арттыру курстары мұғалімдерге жақын жерден тәжірибелерін кеңейтіп, кәсіби жетілуіне жағдай жасалған. Курс соңында тындаушыларға республикалық деңгейдегі сертификаттар тапсырылды. 

    

Просмотров: 370

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст